қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.07.2013

 

17 шілде күні  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім министрінің орынбасары М.К.Орунхановтың қатысуымен талапкерледі кешенді тестілеуден өткізу туралы селекторлы мәжіліс өтті. Мәжіліс Алматы қаласының 19-22 шілде аралығында талапкерлерге кешенді тест өткізілетін 10 жоғарғы оқу орнының ректорларының  қатысуымен өтті. Кешенді тестілеу республика бойынша 38 жоғарғы оқу орынында өткізіледі.

2013 жылы өтетін кешенді тест қатысушылар саны 78 мың астам, олардың ішінде басым бөлігі, 60 мың колледж түлектері.  Сонымен қатар ұлттық мектеп, мектеп және алдыңғы жылғы  кәсіптік лицей түлектері қатысады.

Осы оқу жылында колледж түлектеріне 3 мыңнан астам білім гранты бөлінді.

Кешенді тест өткізу ережесі ҰБТ ережесімен бірдей. Талапкерлер кешенді тестіні  төрт пән бойынша тапсырады олар (қазақ /орыс тілідері, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні).