қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.10.2017

 

Урбандалу - ұлттық экономиканың қозғаушы күші


Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының Елтану және туризм кафедрасында 2017 жылдың 30 қазанында доцент, г.ғ.к. Қастер Сарқытқанның ұйымдастыруымен "Урбандалу - ұлттық экономиканың қозғаушы күші" тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.
Оның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы мен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"- тақырыбындағы мақаласында көтерілген бастамалар мен бағдарламаларына үн қосу және оны ғылыми ортада теориялық және практикалық тұрғыда дәйектеу болатын.
Дөңгелек үстел доцент Қастер Сарқытқанның 2 курс магистранттарына оқитын "Қалалар географиясы" пәнінің негізінде өткізілді.
Аталмыш шараға География мамндығы бойынша 2 курс магистранттары мен Елтану және туризм кафедрасының ұзтаздары Дариға Жангелдина, Талғат Ошанұлы, Гүлмира Ертісқызы, Гаухар Абдикаримова, Дина Мелісқызы және басқа да жас оқытушылар мен қонақтар қатысты.
Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқыланды:
- «Урбандалудың ұлттық экономиканың дамуына ықпал ету механизмі»
- "Қалалар ауруы" саналатын урбандалудың әлемдік деңгейдегі теріс әсерлерін қалай бағалаймыз? Халықаралық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар пікірі негізінде талдау.
- Қазақстандық урбандалу үрдісі урбандалудың қайсы түріне жатады және еліміздегі урбандалудың даму мәселелері мен болашағы қалай?
Сонымен қатар дөңгелек үстелде Қастер Сарқытқанның ғылыми тақырыптар бойынша әріптесі Мажар ғалымы, мәдениет және туризм саласының маманы Андрас Тросани мырза "Қалалар жаңғыруындағы мәдени экономика мен туризмнің рөлі" - тақырыбындағы еңбегі бойынша көптеген пікірлер айтты.