қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.01.2024

ЖРВИ, тұмау және қызылшаның алдын алу

 

2024 жылдың 29-31 қаңтар аралығында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті Денсаулық сақтау пунктінің дәрігерлерімен бірлесіп, университеттің жатақханаларында ЖРВИ мен тұмаудың, сондай-ақ қызылшаның алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында дәрігерлер тұмау және ЖРВИ, әсіресе, қазіргі уақытта өршіп тұрған қызылша ауруының белгілері, оның алдын-алу және емделу жолдары туралы кеңінен тоқталып, түсіндіріп өтті.

 

«Әр адам ЖРВИ, тұмау және қызылшаны алдын алудың негізгі шараларын білуі және сақтауы керек. Ол үшін халыққа адамдар көп жиналатын жерлерден, нашар желдетілетін жерлерден аулақ болу, бетперде кию, жеке гигиенаны сақтау және тұмауға қарсы вакцинацияны уақтылы жүргізу ұсынылады», - деді шара барысында мамандар.

 

ЖРВИ және тұмау ауруларының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі болса, қызылшаның негізгі белгілері: жоғары температура, мұрынның ағуы, жөтел, көздің қызаруы және көздің сулануы, ауыз қуысының ішкі бетінде ұсақ ақ дақтар. Бірнеше күннен кейін бет пен мойынның жоғарғы бөлігінде бөртпе пайда болады, бірте-бірте бөртпе бүкіл денеге таралады және ақырында қол мен аяқтарда пайда болады.

 

ЖРВИ, тұмау немесе қызылшаның алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралған және қауіпті-пневмония.

 

ЖРВИ мен тұмаудың (қызылшаның) алдын алу үшін: бөлмені күн сайын желдетіп, қолыңызды мұқият жуып, антисептикпен өңдеңіз, аурудың өршу кезеңінде жаппай шараларға барудан бас тартыңыз немесе маска киіңіз, иммунитетті нығайтыңыз, спортпен шұғылданыңыз және ұйқы мен тамақтану сапасын қадағалаңыз. Қызылшаның алдын алудың сенімді және тиімді әдісі-12 айлық және 6 жастағы балаларға вакцинация.

 

Кездесу соңында маман иммунитетті сақтауда тамақтанудың, ұйқы және еңбек режимінің рөлі маңызды екенін атап өтті. Және де студенттерге денсаулықтарына мұқият қарап, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек екенін түсіндірді. Ал студенттер аталған аурулар туралы ақпаратпен, алдын алу шараларымен танысып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша білімдерін жетілдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті