қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.02.2024

«Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижелері

 

2024 жылдың 30 қаңтарында «Атамекен» ҰКП жоғары білім беру саласындағы жоғары жетістіктердің көрінісі болған Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының 2023 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті осы рейтингте 44 білім беру бағдарламасын (ББ) ұсына отырып, ерекше көзге түсті. Оның ішінде 5 ББ үздік ТОП-3-ке кірді, ал 20 ББ ТОП-10 үздіктер қатарынан көрініп, лайықты орындарға ие болды.

 

Бұл нәтиже университет ұсынатын білім берудің жоғары стандартын және оның академиялық жетілуге деген ұмтылысын көрсетеді.

 

Бұл көрсеткіш Абай университетінің бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жауапты көзқарасының айғағы болып табылады. «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижелері университеттің беделін нығайтып қана қоймай, Қазақстан Республикасының жоғары білім берудегі түрлі ұсыныстарыдың ішінен оқу бағдарламаларын таңдайтын студенттер үшін бағдар болып табылады.

 

  alt=