қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.02.2024

Hi-tech minor және Coursera: жаңа деңгейдегі оқыту


2023-2024 оқу жылынан бастап Абай университетінде бакалавриат деңгейі үшін «Жоғары технологиялар (HI-TECH)» Minor бағдарламасы енгізілді.


Бұл бағдарлама әртүрлі салаларда заманауи және озық технологияларды оқытуға бағытталған. Студенттер Minor бағдарламада «Желілік технологиялар және Заттар интернеті (IoT)», «Жасанды интеллект технологиясы мен әдістері», «Иммерсивті технологиялар», «GameDev негіздері» секілді пәндердің мазмұнымен танысады.


Пәндердің мазмұнын Coursera платформасында әзірленген курстармен үйлестіруді негізге ала отырып, Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессорлары әзірлеген.


Сонымен бірге, 2023-2024 оқу жылында «Ақпараттық жүйелер» мамандығында «Жасанды интеллект жүйелері» элективті пәні оқытылып жатыр. Жаңа 2024-2025 оқу жылынан бастап Абай университеті барлық білім беру бағдарламаларына «Жасанды инттелект негіздері» пәні енгізілді.