қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.02.2024

Ғалымдармен сұхбат

 

2024 жылдың 12 ақпанында Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жұмабаева Азия, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Амирова Амина және PhD, аға оқытушы Астамбаева Жупат Абай университеті мен SDU арасындағы жасалған меморандум аясында «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінде ұйымдастырылған сұхбат-полилог форматындағы іс-шараға барып қайтты.


Іс-шараны өткізу барысында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-3-курс студенттері «Қазіргі «Әліппе» оқулығы несімен ерекшеленеді?», «Әліппе» оқулығын жазу барысында А.Байтұрсыновтың қандай әдістемесі негізге алынған?», «Дидактика» оқу құралының жазуда нені басшылыққа алдыңыз?», «Математика» бағдарламасында әзірлеуде қандай материалдарға аса мән беру қажет?», «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқыту барысында сізді қандай мәселелер толғандырады?», «Болашақ бастауыш білім педагогін даярлауға арналған ЖОО бағдарламасы мен мектептік математика бағдарламасының арасында қандай байланыс бар?» сұрақтар қойып, аталмыш ғалымдардың ой-пікірлері мен жауаптарын асқан ыждаһаттылықпен тыңдады.


Кездесуді Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлектері, PhD докторлар, SDU Гуманитарлық ғылымдар кафедраның ассистент профессорлары Искакова Ляйла мен Мышбаева Гүлмира ұйымдастырды.


Ғалымдар «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Дүйсебековамен, деканның әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Б.Рашидовпен және кафедра меңгерушісі Д.Молдабаевамен кездесіп, маман даярлаудың өзекті мәселелерін талқылап, келешекте де ынтымақтастықпен жұмыс жасаудың жалғасатыны, кәсіби жоғары деңгейдегі бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда бірлестікте жұмыс атқарудың қажеттігі жайлы айтылды.

 

  alt=  

 

  alt=