қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.02.2024

Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған конкурс өтті

 

  alt=  

 

Күні кеше ғана Абай университетінде «Ұлттық тәрбие» орталығы мен Өнер, мәдениет институты Көркем білім кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған «Тылсым өнердің танымгері» конкурсы өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

 

Іс-шара аясында университет студенттерінің кескіндеме, графика және қолөнер туындыларынан тұратын көрме ұйымдастырылды.

 

Көрме еліміздің әнұранымен басталып, оқу орнының әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректоры Мақсат Жақауовтың алғы сөзімен ашылды.

 

Одан кейін Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, «Абай университеті» газетінің бас редакторы Болат Шарахымбай, көркем білім беру кафедрасының меңгерушісі Ерлан Әсембайұлы сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

 

Конкурс қорытындысы бойынша Өнер, мәдениет және спорт институтының 1-ші курс студенті Зарина Саринова (жетекшісі М.Канленов) бас жүлдеге ие болса, 2-ші курс студенті Валерия Макаренко (жетекшісі Ж.Шайгөзова) 1 орынға жайғасты.

 

Жас суретшілер Аян Сейдіғазы мен Айбек Төлеген (жетекшісі Б. Нұрбатыров) 2 орын жеңімпазы атанса, 4-ші курс студенті Аружан Дүйсенбай (жетекшісі Л.Аденова) жүлделі 3 орынға тұрақтады. Конкурсқа қатысқан әрбір жеңімпаз студент пен жетекшілеріне ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

 

16.02.2024ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz