Main
News
19.02.2024 «Электрондық оқулықтар жасау әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар
2024 жылдың 15 ақпанында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинарда кафедраның аға оқытушысы Нұрлан Манапов «Электрондық оқулықтар жасау әдістемесі» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ғылыми-әдістемелік семинарға химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Нұрлан Манапов оқу үрдісінде электронды оқулықты жасау технологиясының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайында баяндады. Баяндамашы өзінің химия пәнінен жасаған электрондық оқулықтарын мысал ретіне көрсетіп өтті. Электрондық оқулықты жасаудың талаптарын, компьютерлік бірнеше бағдарламаларды және олардың мүмкіндіктерін көрсетті. Атап айтсақ, Macromedia Flash анимациялық, SunRav Software компьютерлік электорондық оқулықтарды жасауға арналған бағдарламаларының жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстырды. Семинар соңында химияға арналған квантық-химиялық есептеулер жасауға арналған ChemOffice 2020 пакеттерімен, ACDLabs202212_ChemSketch_Finstall, HyperChem, Gaussian_09 компьютерлік бағдарламаларының жұмыс істеу шарттарымен таныстырды.
|