Main
News
20.02.2024 Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын алдында мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.
Президент форум қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде қыз-жігіттердің осынау инновациялық ізденістерін оң бағалап, тиісті органдар тарапынан мұндай бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек.
|