Main
News
10.09.2013 БІЛІМ КҮНІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім күні салтанатты жағдайда атап өтілді. 1 қыркүйек күні ерекше сән-салтанатпен безендірілген университет Бас ғимараты алдындағы алаңқайға студенттер, магистранттар, ұстаздар, ата-аналар лық толды. Таңертеңнен шырқалған әсем әуендер жиналған көпшіліктің көңіл-күйін асқақтата түсті. Сағат 10-да ортаға шыққан мерекелік бағдарлама жүргізушілері шалқыта сөйлеп, көпшілікті білім күнімен құттықтап, алғашқы сөзді университет ректоры, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиевке берді. Биыл құрылғанына 85 жыл толып отырғаан қазақ жоғары білімнің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті елімізге педагог-мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының көшбасшысы, - деді ол. - Өзі өмірге келген осы жылдар ішінде ол Қазақ сахарасы үшін 150 мыңнан астам мұғалім, 5 мыңға жуық ғылыми-кадрлар даярлады. Биылдың өзінде университет Қазақстан мектептеріне 3 мыңнан астам маман жіберді. Жаңа оқу жылын 2 мыңнан астам студент, 1 мыңға тарта магистрант қабылданды. Университет профессор-оқытушылары әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру үдерісіне халықаралық инновациялық технологияларды кеңінен енгізу жолында табандылықпен еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде үстіміздегі жылы оқу орны еліміздегі ұлттық оқу орындары арасында - екінші, педагогикалық оқу орындары арасында бірінші орынға шықты. Университеттің халқаралық рейтингідегі орны да жылдан-жылға жоғарылап келеді. Ректор бұдан кейінгі сөзін университет табалдырығын алғаш аттаған студенттерге арнады. «Біздің университетімзде жақсы оқып, сапалы білім алуға толық жағдй бар, - деді ол. - Заманауи құрал-жабдықтармен, ақпараттық техникалармен жарақтандыылған кең де жарық аудиториялар, компьютерлік сыныптар, лингафондық кабинеттер, зертханалар, интерактивті құралдар, кітап қоры 2 миллионға таяу кітапхана, спорт кешені Сіздер үшін қызмет етеді. Алаңсыз оқып, сапалы білім алуларыңызға толық жағдай бар. Ендігі сіздердің міндеттеріңіз жақсы оқып, бәсекеге қабілетті маман болып шығу. Бұдан кейін ректор С.Ж.Пірәлиев бірінші курстықтарға символикалық кілт пен студенттік билет тапсырды. Ардагер ұстаздар жиналған көпшілікті Білім мерекесімен құттықтады. Қазақстанның халық әртісі, белгілі сазгер Ескендір Хасанғалиев пен жас әнші Біржан Хасанғалиев «Студенттер әні» мен «Атамекен» әнін шырқады. «Қоңыр» тобы әншілерінің орындауындағы әндер де мереке салтанатын шаттыққа бөледі.
|