Main
News
27.02.2024 «Химия әлемі» II студенттік конференциясы
2024 жылдың 26-27 ақпан күндері Sparkle science of chemistry cтуденттік ғылыми-зерттеу ұйымының тұрақты даму мақсаттарына негізделген Жаратылыстану және география институтының «Химиядан ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері» пәні аясында ұйымдастырылған «Химия әлемі» тақырыбында II студенттік конференцияда «6В05301-Химия» мамандығының 2 курс студенттерінің 100-ден аса жоба жұмыстары тыңдалды. Ұйымдастырушы пән оқытушысы PhD Асем Узакова. Студенттердің үздік жобалары арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.
|