қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.02.2024

Абай университетінің оқытушысы британдық жоғары оқу орнында ғылыми тағылымдамадан өтеді

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Жолдауындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жыл сайын еліміздің 500 ғалымы «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемдік танымал шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктіліктерін арттыратын болады.

 

Жаратылыстану және география институты, химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаева «500 ғалым» жобасы бойынша жетекші жоғары оқу орны University of Reading (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан өту грантының иегері атанды. Ғылыми тағылымдама 11 айға жоспарланған.

 

Химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Жанар Жақсибаеваны құттықтап, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейді!