Main /
Mass media about us
29.02.2024 Абай университетінің түлегі әлемді бағындыруда
Кәсіп пен мамандық жынысқа бөлінбейді. Әсіресе, спорттың әйелдер аяқ баспаған түрлері сиреп барады. Нәзік жанды, табиғатынан талдырмаш арулардың талай тартыстарда топ жарып, туымызды биікте желбіретіп, әнұранымызды әуелеткенін көріп те жүрміз. Қыр гүліндей құлпырып тұрғанымен, тепсе темір үзетін қара күші де бар қыздар, спорттың әртүрлі саласында өздерін мойындатып жүр. Бағыты айқын, болашағы мен қадамы нық бұрымдының бірін бүгін сұхбатқа шақырдық. Әйелдер күресінен әлем Азия чемпионын әңгімеге тартудағы мақсатымыз - асқан төзімділікті талап ететін салада жүрген жастарға дұрыс жол сілтеу.
- Споршылардың күн тәртібі баршаға аян. Күнделікті қатаң тренеровкалар, жаттығулар, салмағын бірқалыпты ұстану, белгілі бір ұстанымдар, артық тамақ жемеу сынды қағидаларыңыз бар. Осы бірыңғай тәртіптен жалығатын сәттер болады ма? Спортшы болмағанда, қай саланы игеретін едіңіз?
- Бүгінде танымал, жанкүйерлері көп, жастар үлгі тұратын, спорт саласында өз орны, жетістігі бір төбе, танымал тұлғаға айналдыңыз. Жас болсаңыз да, алған асуыңыз баршылық. Өз жолыңызбен бөлісіңізші. Күресемін деген қыздар спорттық мансабын неден бастағаны дұрыс?
- Білесіз бе, спорттың жаман түрі болмайтыны секілді, жаны таза емес адам да бұл салаға аяқ баспайды. Әйелдер күресіне мен саналы түрде келдім. Сондықтан болар, өмірде қандай жағдай болса да, қолымнан келгенше әрекет етіп келемін. Спорт та өнердің бір түрі болғанымен, мұнда еркелікке де, қателесуге жол да жоқ. Барлық жаттығулар мен іс-әрекеттер ең жоғары деңгейде, нақты істелу керек. Тез ойлану қабілетіңді де шыңдағаның дұрыс екеніне әр сәт сайын көзім жетіп келеді. Өйткені, турнир, олимпиада кезінде әртүрлі жағдайлар орын алып, тез шешім қабылдануы тиіс оқиғалар болады. Жүйке жүйесінің өзгерісін әрдайым өз бетіңше бақылауда ұстап отырғаның абзал. «Ішкі тірегіңнің» мықты қалыптасқаны дұрыс. Бәрі бірден болмайды ғой. Алғашқы кезеңнің қиындықтарынан өту де спортшы үшін қашан да оңай болмаған. Сондықтан, өз басым, психологиялық тұрғыда кез-келген ситуацияға дайын отырамын.
- Өзіңіз айналысып жүрген спорттағы басты мақсатыңыз қандай?
- Спортшыға фанат болу мен спортқа фанат болу деген ұғым бар. Жанкүйер болып келіп, қызығушылықпен бастаған жас қыздардың біразы, кейіннен, күрестің «өзінікі емес» екенін түсініп, қайтып кетіп жатқандар болған. Мұнымен айтқым келгені, қазір өзімде бардың барлығы - маған Алланың берген сыйы. Үй-ішім аман, сүйікті ісім бар. Спортты менің жан-дүнием десек те болады. Ал, жанымның тазалығы - мен үшін алдыңғы орында. Жоғарыда айтып өткенімдей, ниеттің адалдығы - сені көкке көтереді. Қалғаны Алланың құзырында.
- Барлық жетістікті өзі күшіңмен, абыройыңмен бағындырғанға не жетсін! Десе де, кейде адам болған соң, анау болса екен, мынаны жасаса екен деп ойлайсың, жасыратыны жоқ. Қазір жастар арасында күрес, ауыр атлетика, дзюдо, бокс сынды спорт түрлеріне қызығушылық басым. Әрине, оның барлығы, осы салада белгілі бір ілгерілеудің бар екендігін көрсетеді. Барлығы еліктеуден, қызығушылықтан басталады ғой. Біз де алдыңғы буынға қарап өстік. Мен де солардың ізбасары болсам деп ойлайсың, сонымен, карьераң осылай басталып кетеді (жымиып). Ал, спортшыларға қарастыру керек жағдайлар туралы жетістігі бір басына жетіп-артылатын, айтары мен көрген-түйгені мол үлкен буын аға-әпкелеріміз баяндай жатар. Қазірше менің негізгі міндетім - еліміздегі әйелдер күресінің деңгейін көтеруге қолымнан келгенше атсалысу. Жағдай жаса деп қарап отыратын жаста емеспін. Күш-қабілетім мен энергиямды барынша дұрыс бағытта жұмсағым келеді. Уақыты келгенде, менің пікірім тыңдалатын кезең келеді. Әзірше, қолымнан не келетінін көрсеткім келеді.
- Дұрыс айтасыз. Былтырғы жылы қатысқан барлық жарыстан Алланың және жақындарымның қолдауымен жүлдесіз оралған жоқпын. Қазақстан спатакиадасында жеңіске жетіп, Әлемдік және халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алдым. Астана қаласында өткен Азия чемпионатында жанкүйерлерімді жерге қаратпай, чемпион атандым. Қырғызстан және Венгрия елдерінде өткен әлемдік рейтингтік турнирлерде топ жардым. Сербия астанасы Белград қаласындағы әлем чемпионатында қола бұйырды. Әлем чемпионатын өткізген соң, қысқа уақытта Азия ойындарына өз салмағымда шықпағаныммен, күміс алып, бағым жанды. Оңайшылықпен келмеген жеңістердің барлығы бірінші Алланың, екінші - бапкерім Нұрсұлтан Теміров мырзаның арқасында деп білемін.
- Қазір өзіме көптеген жүк артып қойғандықтан, жеке өміріме көңіл бөлуге мүмкіндік болмай жатыр. Менің таңертең ұйқыдан оянғанымнан бастап, түскі ас, кешкі тамақтану уақытыма дейін белгіленген. Тіпті, демалыс күндеріне де жоспарланған кездесулер бар. Жаттығуларымның уақытын кешіктіруге болмайды. Дегенмен, қоғам алдындағы міндетімді де ұмыт қалдырмауға тырысамын. Соңғы уақытта әртүрлі қайырымдылық жобаларында ерекше белсенділік танытып, көңіл бөлгенге ықыласым ауып жүр. Ол менің жаныма жылулық, өзгеше сезім ұялататынын да сеземін. Болашақта, ірі жобалармен айналысу да жоспарда бар. Қазірше, мендегі жаңалықтар осы.
Сұхбатыңызға рақмет! Алар асуыңыз көп болсын!
Сұхбаттасқан Рәсіл Мөлдір 29.02.2024ж. Ақпарат көзі: bilim.expert
|