қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.03.2024

 

Ардақты аналар! Құрметті әйелдер қауымы және аяулы арулар!

 

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген дана сөзінде терең мағына жатыр. Әйелдер қауымы - отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Қоғамда әйелдер қауымының кез келген істегі кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі айқын аңғарылады. Олар өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ерекше орын алады, қоғамдағы үндестік пен үйлесімдікті, келісімді нығайтуға ықпал етеді. Олардың еңбегі жоғары құрметке лайық.

 

Бүгінгі таңда жаңа формациядағы педагог кадрларды және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда Қазақстан ауқымды өзгерістер мен саланы жүйелі жаңғырту кезеңіне қадам басты. Ал білікті ұстаздарымыз бен болашақ ұстаздарымыз - аяулы аруларымыздың шығармашылық қасиеттері, тәжірибесі мен күш-жігері еліміздің білім мен ғылым саласында ілгерілеуіне септігін тигізері анық.

 

Көктемнің шуақты мерекесімен оқу орнымызда және елімізде табысты еңбек етіп, білім мен ғылымға елеулі үлес қосып жүрген әйелдер қауымы мен қыздарды шын жүректен құттықтаймын.

 

Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыс тілеймін!

 


Ізгі ниетпен, ректор Болат Тілеп