Main /
Announcements
04.01.2021
«Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар» халықаралық онлайн конференциясы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар» атты халықаралық онлайн конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция 2021 жылы 21-22 қаңтар аралығында онлайн форматта өтеді.
Конференцияға шетелдік және қазақстандық инклюзия бағытындағы арнайы педагог-мамандар, психологтар, кітапхана мамандары, бейімделген технологияларды құрастырушы компаниялардың өкілдері, баспа мамандары мен ақпараттық ресурстар өнімдерінің құрастырушылары қатысады.
Конференцияда инклюзия бағытындағы озық тәжірибемен алмасу, кітапхана кеңістігінде инклюзивті орта құру, бейімделген арнайы технологиялық құрылғылар мен ақпараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады.
Конференция бағдарламасы мына сайттарда ораналастырылады: ҚР жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығы: http://ulark.kz. Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасы: http://lib.kaznpu.kz
Конференцияға тіркелу мына сілтеме бойынша:
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Басталуы: сағат 10.00 (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) ZOOM платформасы бойынша мына сілтемеде өтеді: https://zoom.us/j/99805168760?pwd=S3p6d3lxTEx3UEh4UG8rWnV0dGxSUT09
Конференция идендификаторы: 998 0516 8760 Кіру коды: 113934
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді.
Мақалалар 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін қабылданады. Мақаланың безендірілуіне қойылатын техникалық талаптар: Көлемі 5-7 бет, редакторы - WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тікжақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орысша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша, орысша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекен жайы, байланыс телефоны) келтіріледі.
Ұйымдастырушылар: Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы - «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі президенті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кітапханалық-ақпараттық орталық директоры, Тараз қаласы, ұялы тел.+ 7 7013286050, эл.пошта: irzhanovag@gmail.com Имансыдықова Нұргүл Жайлауқызы-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапхана директоры, Алматы қаласы ұялы тел. +7 7752307737, эл.пошта: ndi_26@mail.ru
|