қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.03.2024

Филология институтының студенттері шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуда

 

Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «6В01709- Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі», «6В01718- Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі», «6В02302- Аударма ісі» және «7М02302- Аударма ісі» мамандықтары оқытылады.

 

Аталған мамандықтардың барлығы дерлік академиялық ұтқырлық негізінде 1 семестр көлемінде шет мемлекеттердің университтерінен білім ала алады. Соның ішінде қазіргі таңда 2 курс «6В01709- Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі, қытай тілі» мамандығының 7 студенті Қытай Халық Республикасындағы Пекин ұлттық университеті (Пекин) мен 3 студент Чжэцзян Юэксиу шет тілдер институтында (Шаосин) академиялық ұтқырлық бойынша білім алса, дәл осы мамандықтың корей бөлімінің 3 студенті Намсеул университетінде білім алып жатыр. Ал 2 курс «6В02302- Аударма ісі» және 1 курс «6В01718- Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі (араб/түрік)» мамандығының студенттері Түркия елінде өз білімдерін жетілдіруде. Атап айтқанда, «6В02302- Аударма ісі» мамандығының 6 студенті Газиантеп университетінде (Газиантеп), «6В01718-Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, араб тілі» мамандығының 4 студенті Килис 7 Аралык университетінде (Килис) және «6В01718- Шығыс және ағылшын тілдері мұғалімі, тұрік тілі» мамандығының 3 студенті Ризе Реджеп Тайип Эрдоған университетінде (Ризе) оқып жатыр.

 

«7М02302- Аударма ісі» мамандығының 1 курс магистранттары Адам Мицкевич университетінде (Польша) тағылымдамадан өтуде.

 

  alt=  

 

  alt=