Main /
Mass media about us
18.03.2024 "Сабақ болмайды, мен Париждемін": Ұстаздық пен сәнгерлікті қатар алып жүрген қазақстандық ару бәріне қалай үлгеретінін айтты
TikTok әлеуметтік желісінде 20 жастағы Наргиз Закария есімді желі қолданушысының мамандығы туралы видеосы көп қаралым жинады. Студент қыз ұстаздық пен сәнгерлік сынды "екі кеменің басын ұстаған". Наргиз екі түрлі саланы қатар алып жүру қайдан ойына келгені жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық студенттің желідегі видеолары миллионннан астам қаралым жинаған. Желі қолданушылары оны екі түрлі саланы қатар алып жүргеніне таңғалып, оның кәсібилігіне тәнті болды.
"Балалар, ертең сабақ болмайды. Мен Парижемін", "Менің арманым, бірақ тағдырым емес", "Сіз сондай әдемісіз", "Ағылшын пәнінің мұғалімдерінің бәрі осындай ма?", - деп пікір қалдырды желідегілер.
Наргиздің айтуынша, оның сәнгерлік салада жүргеніне көп бола қойған жоқ. Десе де аз уақытта біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген.
Ол сәнгерлік салада жұмыс істеу өзіне ұнайтынын айтты. Сондай-ақ ол бұл кәсіпті сүйікті ісі деп санайды. Наргиздің айтуынша, ол бұған дейін VISA FASHION WEEK ALMATY және VISA FASHION WEEK TASHKENT сияқты көрсетілімдерде жұмыс істеген. Оның бойы - 179 сантиметр.
Студент қыздың жақындары оның сәнгерлік мансабына барынша қолдау көрсететін көрінеді.
"Менің әпкем мен ағам бар. Бауырларым мен ата-анам менің жетістіктеріммен мақтанады. Тіпті бірге оқитын группаластарым да мені қолдап, көрсетілімге шыққан кезде қатты қуанады", - дейді Наргиз.
18.03.2024ж. Ақпарат көзі: stan.kz |