қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.03.2024

А.С Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының халықаралық ғылыми семинары

 

2024 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ мен А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты (Ресей) "Пушкин және Абай. Екі халықтың екі данышпаны" халықаралық семинарын өткізді. Семинар жұмысына Қазақстан мен Ресейдің білім беру және ғылыми ұйымдары: Абай атындағы ҚазҰПУ, А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, № 165 мамандандырылған лицей, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті қатысты.

 

Семинар барысында Мария Лебедева, А.С.Пушкин атындағы МОТИ-дің когнитивті және лингвистикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, "Мұғалімнің қолындағы нейрожелілер: орыс тілі сабақтарында заманауи технологияларды қолданамыз"тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

 

Сондай-ақ, А.С.Пушкин атындағы МОТИ-дің «Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры Ирина Лешутинаның "Педагогикалық қызметтегі ойынды модельдеу" шеберлік сыныбы қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ирина Лешутина сонымен қатар өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, абайтанушы Мұрат Мырзахметов Пушкин мен Абайдың философиялық-мәдени, этикалық және әдеби мұралары туралы әңгімеледі. Көрнекті қазақ ақыны, ойшылдың қазақ халқының өміріндегі және орыс ақыны А.С.Пушкиннің шығармаларын дәріптеудегі рөлін атап өтті. 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті»кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Сәуле Әбішева университет пен А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты арасындағы ынтымақтастық туралы баяндады. 

 

Ф.ғ.д, А.С.Пушкин атындағы МОТИ-ның филологиялық зерттеулер зертханасының бас ғылыми қызметкері Эльмира Афанасьева Абай шығармаларының басқа тілдерге аудармалары және ақын шығармашылығын көп қырлы зерттеу тәжірибесі туралы айтып берді. ​

 

Семинар соңында қонақтар тарапынан іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғыс сөздер айтылып, бірлескен ғылыми жобалардың келешегі талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

  alt=