қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.10.2010

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих факультетінің Отан тарихы кафедрасы көрнекті ғалым, профессор Ж.Қ. Қасымбаевты еске алуға арналған «Отан тарихының методологиясы мен концептуалдандырудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта «Қасымбаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Өткізілу уақыты: 2010 жылдың 21-22 желтоқсаны, сағат 10-00-де.

Өткізілу орны: Алматы қ., 050010, Жамбыл көшесі, 25. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің конференц-залы.

Конференция шеңберінде төмендегідей тақырыптар бойынша мәселелерді талқылау ұсынылады:

1. Отан тарихының мәселелерін зерттейтін ғылыми мектептер: сабақтастық және қазіргі дамуы.

2. Орта ғасырлар мен жаңа замандағы Отан тарихы: концептуалды жаңа бағыттар.

3. Қазақстан Республикасының қазіргі тарихы: тарихи-саяси қырлары.

4. Жаһандану жағдайындағы дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселері.

5.Отан тарихы мен дүниежүзілік тарих шеңберінде тарихты оқытуды жетілдірудің мәселелері мен жолдары.

Конференцияға қатысу үшін 2010 жылдың 30 қарашасына дейін мына мекен-жайға беру керек: Алматы қ., 050010, Жамбыл көшесі, 25 (Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысы). Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультеті, № 713 кабинет.

Конференцияға қатысу үшін өтініш беру үлгісі:

Аты-жөні;

Ғылыми дәрежесі және атағы, қызметі;

Елі, аймағы, қаласы;

Ұйым атауы, ЖОО;

Секция атауы;

Хабарлама немесе баяндама тақырыбы;

Қатысушының байланыс телефондары мен электронды поштасы.

Ұйымдастыру комитетінің телефондары: 8 (727) 291-78-24; 291-76-43; 291-07-03. Электронды пошта: otech.history@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Мәтінді рәсімдеу тәртібі:

Мақаланы, баяндаманы жариялау үшін 5 желтоқсанға дейін конференцияның ұйымдастыру комитетіне төмендегідей талаптарды сақтай отырып мәтінді жіберу керек: «Times New Roman» немесе «Times New Roman KZ», 14 кегль, бір аралық интервалмен беттің параметрлері: алаң - жоғары және төменгі - 2 см, сол жағы -3 см және оң жағы -1 см. Автордың аты-жөні, баяндама тақырыбы жартылай қою шрифтпен (жоғарғы оң бұрышында) жақшаның ішінде қатысушының қаласы мен елі, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызметі мен жұмыс орны көрсетіле отырып беріледі. Мәтін ғылыми, стилистикалық және техникалық редакцияланған болуы тиіс. Жаңа жол - төртінші таңбаның тұсында (0,8 см табуляциясымен).

Резюме қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі мәтіннің тіліне орай беріледі. Мақала көлемі - 5 бетке дейін: соңғы беттегі мәтіннің толық болғаны дұрыс. Баяндама мәтінінің қағаздағы және электронды нұсқасы бірге, авторының (авторларының) аты-жөні мен файлы көрсетіле отырылып жіберіледі.

Конференция материалдары жеке жинақ болып басылады. Мақала жариялау Абай атындағы ҚазҰПУ есебінен (тегін).

Ұйымдастыру комитеті мерзімінен кеш келген, тақырыпқа сәйкес емес, талапқа сай келмейтін және ғылыми деңгейі төмен баяндамалардың өтінішін қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.