қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.04.2024

«Salem office» жүйесінде жұмыс жасау тәртібі


2024 жылдың 3 сәуірінде Ректор аппаратының бастамасымен университеттің қызметкелері үшін «Salem office» жүйесінде жұмыс жасау тәртібі бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинарды Ректор аппараты басшысының орынбасары Қазына Бекбенбетова ашып, университеттегі электронды құжаттар айналымындағы талаптар мен жұмыс жасау ережелеріне тоқталып өтті.


Одан әрі Іс жүргізу және мұрағат ісі қызметінің басшысы Салтанат Бекбауова ТОО «Somnium» серіктесінің техникалық менеджері Рустам Джанлаумен бірлесіп, «Salem office» жүйесінде жұмыс жасау тәртібі» туралы оқыту семинарын өткізді. Семинар аясында «Salem office» жүйесінің жаңа дизайнының атқаратын қызметімен, бағдарламаның практикалық аспектілеріне, сондай-ақ оның құжат алмасу барысында іс-қағаздарын дұрыс рәсімдеу, жауапты тұлғалар мен келесімге қол қоятын басшылық құрамды белгілеу сынды ақпараттар берілді.


Семинарға әр құрылымдық бөлімнің мүдделі орта буын мамандары мен қызметерлері қатысты. Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұйымдастырушылар тарапынан мазмұнды жауаптар берілді.


Айта кететін жайт, «Salem office» электронды жүйесі құжаттармен алмасудың тиімділігін айтарлықтай жақсартуға, уақытты тиімді пайдалануға, академиялық, ғылыми, әкімшілік, әлеуметтік процестерді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Алдағы уақытта орта буын қызметкерлерінің сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ету, оларға әдістемелік қолдау көрсету бағытындағы мұндай шаралар жалғасын таба бермек.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Ректор аппараты