қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.04.2024

«6в014-Музыкалық білім» ББ бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиада  


2024 жылдың 1-2 сәуірінде «РММ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» «Музыкалық білім және психология» кафедрасының базасында «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша XVI-ші Республикалық пәндік студенттік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті. Олимпиада «Музыканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша екі номинациядан қамтыды: 1) «Музыканы оқыту әдістемесі», 2) «Музыкалық ағарту».

 

Іріктеудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, екінші кезеңге Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасынан төрт студент қатысты:

 «Музыканы оқыту әдістемесі» 1 - номинациясы бойынша: Қалибек Жәйна Ержанқызы, 3(4) курс, «6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Л.М. Нарикбаева); Әділжанова Арзигуль Әділжанқызы, 3(4) курс, «6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.к., профессордың м.а. Л.Ш. Какимова).

 

«Музыкалық ағарту» 2 - номинациясы бойынша: Орынбасар Айтолқын Ержанқызы, 2 (4) курс, 6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.д., профессор Л.М. Нарикбаева); Сұлтанбай Асылзат Серікқызы, «6В01402 - Музыкалық білім» (Жетекшісі: п.ғ.к., профессордың м.а. Л.Ш. Какимова).

 

«Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасы, XVI-ші Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың нәтижелері бойынша қазылар алқасының шешімімен Абай университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жүлделі орындары мен номинациялардың дипломдарымен марапатталды:

- «Музыка сабағының ақпараттық маңыздылығы үшін» дипломы «Еуропа халықтарының музыкалық дәстүрлері»  музыка сабағы тақырыбында «Музыканы оқыту әдістемесі» 1-номинациясы бойынша - Қалибек Жәйна;

- «Музыка сабағының әдістемелік жабдықталуы үшін» дипломы «Орган музыкасы» музыка сабағы тақырыбында «Музыканы оқыту әдістемесі» 1 - номинациясы бойынша - Әділжанова Арзигуль;

- III дәрежелі дипломы «Музыка - өмірде жетістікке жетудің ең жақсы жолы!» тақырыбында «Музыкалық ағарту» 2 - номинациясы бойынша - Орынбасар Айтолқын;

- III дәрежелі дипломы «Музыка сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығының маңызы» тақырыбында «Музыкалық ағарту» 2 - номинациясы бойынша - Сұлтанбай Асылзат.

 

2024 - Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=