Main /
Announcements
28.01.2021 Хабарландыру!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2021 жылдың 28 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында бос лауазымдарға қабылдау туралы хабарлайды.
Қажетті жұмыс өтілі: 1 жылға дейін Жұмыс кестесі: 09.00-18.00 Толық уақыт, толық жұмыс күні
Міндеттері: - Алғашқы медициналық көмек көрсету; - Университет білім алушылары мен қызметкерлерінің медициналық тексерістен өту мерзімін бақылау; - Студенттік жатақханалардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына рейдтер жүргізу; - Жұқпалы және түрлі аурулардың алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу; - Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау; - Бекітілген медициналық есеп және есеп беру құжаттамасын жүргізу; - Жедел көмекке арналған алғашқы көмек қобдишасында дәрі-дәрмектердің қажетті мөлшерінің болуын күнделікті бақылауды жүзеге асыру; - Кабинетте дәрілік заттарды, ерітінділерді сақтаудың дұрыс жағдайларын қамтамасыз ету.
Талаптар: - Аяқталған орта медициналық білім; - Ұқсас лауазымда 1 жылға дейін жұмыс тәжірибесі болуы; - Медициналық қызмет көрсету және клиникалық практикаға жіберу үшін мамандығы бойынша маман сертификатының болуы; - Біліктілікті арттыру туралы куәлігі болғаны жағдайда (соңғы 5 жыл аралығында); - Жауапкершілік, нақтылық, зейінділік.
Біздің байланысымыз: Алматы қ., «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ (Достық, 13), Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент (300 кабинет). Жұмыс телефоны: 291-83-82; ұялы тел. 87027323777 Меруерт Таджибай
|