Main
News
12.04.2024 «Үздік студент-2024» конкурсы
2024 жылдың 11 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Абай университеті Педагогика және психология институтның ұйымдастыруымен 2-3 курс білім алушылары арасында «Үздік студент - 2024» конкурсы өтті.
Ауқымы мен талабы күшейген конкурстың әділқазылар құрамына университет және қала көлеміндегі белгілі тұлғалар шақырылды. Олар әділ шешімдерін қабылдап, конкурстың сапалы өтуіне өз үлестерін қосты. Конкурстың әділқазылар құрамына «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Толқын Әуелғазина, «Abai LABS» ғылыми инновациалық паркінің басшысы Жазира Битибаева, Математика, физика және информатика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Оразбеков болды.
Студенттер арасында конкурс үш кезеңде өткізілді. I кезеңге өтінім берген 14 студент арасынан іріктеліп, 7 студент келесі кезеңге жіберілді. II кезең - «I`am the best students» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім», «Цифрлы болашақ және ұлттық құндылықтар», «Алаш қыздары- ағартушы, ұстаз, саясаткер, ғалым», «My creative university» тақырыптарында жоба қорғау. III кезең - «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап принципі бойынша өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік студент-2024» атағын «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының 2-ші курс студенті Елтай Ауана иеленіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды. II дәрежелі диплом «6B01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс студенті Ермағамбетова Нұрайымға, III дәрежелі диплом «6B03111 - Практик психологтарды даярлау» мамандығының 3-ші курс студенті Тұрсын Диляраға табыс етілді.
Барлық студенттерге алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!!!
|