Main
News
15.04.2024 «Инновациялық іс-әрекет: идеядан нәтижеге және білім берудегі инновациялық өнімдерге» байқауының қорытындысы шығарылды
2024 жылдың 12 сәуірінде «Ғылым декадасы - 2024» аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.Т.Абитованың жетекшілігімен 1 курс докторанттары «Инновациялық іс-әрекет: идеядан нәтижеге және білім берудегі инновациялық өнімдерге» атты жас ғалымдарға арналған ғылыми зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Байқауға 1-2 курс магистранттары қатысты.
Байқаудың мақсаты - жас ғалымдарды қолдау, жастарды педагогикалық ғылыми мәселелерді шешуге, зерттеуге, жауап іздеуге қызықтыру, қоғамның маңызды ресурсы ретінде жастардың ғылым туралы түсініктерін кеңейту, жекелеген ғылыми бағыттар мен пәнаралық ынтымақтастықты нығайту.
Жалпы қабылданған жиырма шақты жұмыстар ішінен, 11 жұмыс іріктеліп, қазылар алқасына ұсынылды. Байқаудың нәтижесі қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей бағаланды: І орын - Таласпаева Яна, Джетимекова Екатерина, Быкова Екатерина (ғылыми жетекші: п.ғ.к, доцент Айтпаева А.К); ІІ орын - Әбілжанова Алма (ғылыми жетекші: п.ғ.д, профессор Манкеш А.Е.); Сағын Ұлболсын (ғылыми жетекші: п.ғ.к, доцент Таубаева Г.З.); ІІІ орын - Әбдігалық Әмина (ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Абилбакиева Г.Т.), Өтегенова Елдана (ғылыми жетекші: PhD, қауымд. профессор м.а. Булшекбаева А.И.), Әбіш Айшолпан (ғылыми жетекші: PhD, қауымд. профессор Абитова Г.Т.).
Педагогика және психология институты директорының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары А.Жакупова мен Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева қорытынды сөз сөйлеп, жас ғалымдар мен олардың ғылыми жетекшілеріне белсенділіктері мен жоғары білімдері үшін алғыстарын білдірді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Сіздергеге шығармашылық табыстар тілейміз! Жас ғалымдарға сәттілік!
|