қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.04.2024

«Біз біргеміз» психологиялық тренингі

 

2024 жылдың 8-16 сәуірі аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психологтары студенттерге «Біз біргеміз» психологиялық тренингін өткізді. Тренингке университетіміздің 7 институтынан 150-ге жуық студент қатысты. Тренингтің мақсаты - топта жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін бірыңғай және берік командалық рух құру, қатысушылар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту.

 

Тренинг бір-бірімен танысу, қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Сіз мен туралы білесіз бе?» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде топтық сыйластық, бір - біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл - күйлерін көтеру мақсатында «Тамшы, өзен, мұхит», «Шыңды бірге бағындырайық» жаттығулары жүргізілді. Сондай-ақ, командалық өзара әрекеттесуді жақсарту үшін «Қырықаяқ» жаттығуы жүргізілді. Жаттығу барысында студенттер командалық бірлік пен ынтымақтастықты көрсете білді.

 

Қатысушылар тренингтен алған жаңа инсайттар мен жетістікке жетелейтін команданың қағидаларымен «Біз біргеміз» жаттығуында бөлісті. Жаттығу соңында, студенттер тренингтен алған оң әсерлерімен және жылы лебіздерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

«Психологиялық қолдау» қызметі