Main /
Mass media about us
17.04.2024 Абай университеті Қытай халықаралық білім көрмесіне қатысты
Абай университетінің қызметкерлері РHIHUA халықаралық білім беру технологиялық орталығының арнайы шақыруымен Бейжің қаласында өткен Қытай халықаралық білім көрмесіне (СIEET-2024) қатысты.
Биыл Қытайдағы халықаралық білім беру көрмесін (CIEET 2024) Қытайдың Ғылыми алмасуға қызмет көрсету орталығы (CSCSE) ұйымдастырды және бұл көрме Қытайдағы ең ықпалды және ауқымды халықаралық білім беру көрмелерінің бірі болып саналады.
Қытай Халық Республикасының Білім министрлігінің қолдауымен CIEET шетелде білім беру бастамаларының сапалы дамуына ықпал етуге, сондай-ақ Қытайдың білім беру саласындағы ашықтығын жеделдетуге және кеңейтуге бағытталған. Көрмеде әлемнің 181-ге жуық жоғары оқу орны таныстырылды.
Ғылыми алмасуға қызмет көрсету орталығының өкілдері мен көрмені ұйымдастырушылар Абай университетіне осы іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.
17.04.2024 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |