қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.04.2024

Заманауи білім мен тәрбие берудегі жаңа тенденциялар мен құндылықтар 

 

2024 жылдың 17 сәуірінде Абай Абай университеті Педагогика және психология институтының «Педагогика» кафедрасы «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ММ және Білім басқармасының «№104 жалпы білім беретін мектеп» КММ бірлесіп Алматы қаласы мен Алматы облысының білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдеріне арналған «Заманауи білім мен тәрбие берудегі жаңа тенденциялар мен құндылықтардың ықпалдастығын іске асыру: инновациялар, зерттеулер, шешімдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияға қатысушыларына мектеп директоры Айза Мұхтарқұлова құттықтау сөз сөйлеп, университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы атынан академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Әуелғазина құттықтау сөз сөйлеп, университеттің қала және облыстың білім беру ұйымдарымен жүргізіп жатқан стратегиялық жұмысына тоқталды. Сондай-ақ, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева мазмұнды баяндамасында заманауи білім берудің тенденциялары мен құндылықтарын нақтылап берді.

 

Пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Алматы филиалы педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Майраш Көбенқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Гүлмира Саудабаева, №104 мектеп директорының орынбасары Дәулет Сәрсенбаев, «Б.Атыханов атындағы №36 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Садуақасова, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылы, «Сүйінбай атындағы орта мектеп» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлвира Бақбер, «№104 орта мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Күлзипа Толымбек баяндама жасады.

Онлайн-байланыс Сингапурдың білім беру жүйесінің сарапшысы, осы елдің университеттерінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Жұлдыз Амангелдінің Сингапурдың білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырған мазмұнды баяндамасымен есте қалды. Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Фатима Асылбаева педагогикалық сабақтарда оқушылармен жұмыс жасауда цифрлық платформаларды пайдалану ерекшеліктерімен бөлісті.

 

Пленарлық отырысқа 100-ден астам қатысушы қатысып, секцияларда жұмысын жалғастырды. Конференция қатысушыларына Абай университетінің алғыс хаттары табыс етілді.

 

  alt=  

  alt=