қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.04.2024

«Саяси институттар Қазақстандағы заңдылықты дамытудың негізі ретінде: тарих және қазіргі заман» ғылыми семинары

 

2024 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының конференц-залында «Саяси институттар Қазақстандағы заңдылықты дамытудың негізі ретінде: тарих және қазіргі заман» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Аталған шараны Мемлекет тарихы институты мен Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты Абай университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Семинар барысында қатысушылар Қазақстандағы саяси институттардың құқықтық базаны қалыптастыруда, оның сақталуы мен қолданылуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жауапты екенін атап өтті. Саяси институттардың функциялары қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіп пен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Сарапшылар Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының алаңында айтқан «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамдық дискурста ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, заң шығарушы, сот және атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ саяси партиялар мен азаматтық қоғамның осы процеске қатысуы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

 

Іс-шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Гүлмира Илеуова, Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова алғы сөз сөйледі. Семинардың модераторы Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов болды. Баяндамашылар қатарында Мәмбет Қойгелдиев, Гүлмира Сұлтанғалиева және Ғани Қарасаев сынды отандық белгілі тарихшылар, белгілі заң шығарушылардың бірі Еркеш Нұрпейісов және саясаттанушы-ғалым Марал Қалиева болды.

 

Талқылау барысында Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының және еліміздің басқа да талдамалық құрылымдарының сарапшылары қатысты.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті