Main
News
19.04.2024 Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қонақ дәрістер сериясы 2024 жылдың 18 сәуірінде университетіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Көпэтносты мемлекеттің өзекті мәселелері: этносаясат, экономика, дін» тақырыбында қонақтық дәрістер сериясы өтті. Қонақтық дәрісті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г. Шаһарман модератор ретінде жүргізді.
Шақырылған қонақтар - әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, Сорбонна-Қазақстан институтының профессоры Қанатбек Қасен, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Дидар Мамырбаев дәріс өткізді. Проректор Мақсат Жақауов студенттерге этносаясат, ақпараттандыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы тарихи мәліметтер берді, Қанатбек Қасен экономикалық білім, Жамбыл гидромелиорация саласы жөнінде, экономика салаларының даму барысы және БҰҰ-ның 17 мақсаты туралы түсіндірді, Дидар Мамырбаев - діни құқық, діни мәдениет, дәстүрлі діннің маңызы, жастар арасында қалыптасқан ұғымдар туралы мәлімет берді.
Қонақтық дәрістер сериясы соңында Ассамблея кафедрасының «Этносаралық келісімнің Қазақстандық моделі» пәніне қосымша ақпараттар беріп, студенттердің толеранттылық мәдениетін көтеруге үлес қосуға келген профессор-оқытушылар құрамына алғыс айтылып, сыйлықтар табыс етілді. Қонақтық дәріске Педагогика және психология, Тарих және құқық, Өнер, мәдениет және спорт институттарының бірінші курс студенттері, сонымен қатар Жаратылыстану және география институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Бакиров, Ассамблея кафедрасының оқытушысы Б. Тулемисов қатысты.
|