қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.04.2024

«XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» республикалық олимпиадасы


2024 жылдың 19 сәуірінде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» республикалық олимпиада өтті. Республикалық олимпиаданың құрылтайшысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

 

Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты - Абайдың шығармашылығын терең білу, Абайдың педагогикалық мұралары туралы теориялық және практикалық тұрғыда білімі бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің рухани-адамгершілік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.

 

Республика көлемінде ұйымдастырылған олимпиадаға ЖОО-нан 10 команда қатысты.

 

Олимпиаданың ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов және академиялық мәселелер жөніндегі департамен директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, Абай мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін, Абайды танытуда тұңғыш рет республика көлемінде олимпиада ұйымдастырып өткізу үлкен жетістік екендігін айтты.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі департамен директоры Хайрулла Жанбеков «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» өткізіліп отырған республикалық олимпиаданың алауын жағып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

 

Әділ-қазы құрамының төрағасы - Абайтанушы, Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Абай ат.ҚазҰПУ, академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Дәурен Мұхамадиев, мүшелері - М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші қызметкері Нұрбол Құдайбергенов, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Гүлнар Уайсова.


Олимпиада 3 кезең бойынша өтті:

 

1) «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» ғылыми жоба әзірлеу (үй тапсырмасы)

2) «Абай менің өмірімде» өмірлік жағдаяттарға байланысты қойылым көрсету.

3) «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» бойынша сабақ үзіндісін көрсету.

 

Олимпиада барысында студенттер өз бойындағы педагогикалық шеберліктерін таныта білді. Жарыс төрелігінің әділ бағасын берген қазылар алқасы педагогикалық олимпиаданың қорытындысын жасап жеке сынақта «Үздік қойылым», «Үздік сабақ, «Үздік ғылыми жоба» және т.б. номинациялары берілді. І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған қатысушылар дәрежелі дипломдармен, олимпиада төсбелгісімен, ртификаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Бас жүлде: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Қара шаңырақ»командасы (конкурстан тыс);

І орын: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Абай мұрагерлері» командасы ;

ІІ орын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Асыл мұра» командасы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Abai bol» командасы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Ұшқыр ой» командасы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Оқжетпес» командасы.

ІІІ орын: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Нұрлы ақыл» командасы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Каспий маржандары» командасы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық Университеті «Марғұлан жастары», Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті «ZIAT-ты арулар».

 

Олимпиаданың жабылу салтанатында Ұлбосын Қыяқбаева сөз сөйлеп, диплом мен сертификаттарды тапсырып, барлық қатысқан командаларға алғыс білдірді. Дәурен Мұхамадиев І-ші орын иеленген Аманжолов университетінің студенттеріне эстафетаны ұсынып, келесі жылы сол жоғары оқу орнында жалғасын табатындығын жеткізді.

 

Республикалық олимпиада Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін айтумен аяқталды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=