қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.04.2024

Абай университетінің білім алушылары I Дәрежелі дипломмен марапатталды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал-адам, Адал-еңбек, Адал-табыс» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» Республикалық конкурс өтті. Республикалық конкурсқа Педагогика және психология институтына қарасты «6B01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының білім алушылары: Абильгазинова Айсулу (1 курс), Бақытжанқызы Бұлбұл (3 курс), Борис Анель (3 курс) қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Білім алушыларымыз еліміздегі білім саласының дамуына, Қазақстанның гүлденген мемлекетке айналуына өз үлестерін қосады деп сенеміз.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=