қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.04.2024

             Тілдердің дамуы – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

 

                

 

Тілдің дамуы - тұтас әлеуметтік қоғамның бірден-бір аспектісі.

 

Бүгінгі қазақ тілінің тұғыры - Конституция. Барлық білім ордасында қазақ тілінің оқыту кеңістігі жеткілікті. Мәселен, елдегі 7 771 мектептің 4 317 мектебі - таза қазақтілді мектептер. Оның үстіне қазақ мектептеріндегі бірінші сыныпқа бару көрсеткіштері бір ауысымда он екі-он үш сыныптарға дейін демографиялық толқын деңгейінде өсімді көрсетіп отыр. Әрине, бұл - өте жақсы даму. Одан өзге, ақпараттық саясаттағы мемлекеттік тілдің қолданысы осыдан он жыл бұрынғы даму көрсеткіштен үш есе өскен. Әрбір тұрғынның бестен үші қазақ тілді контентті қолданады.


Қазір қазақ аудиториясының өзі мемлекеттік тілдің табиғи даму тұрғысында ақырындап жүруіне көнді, мемлекеттік тіл саясатына жауапкершілікті арттырып қойды. Кейде тілді саяси құрал ретінде қолданып кететіндер бар. Ол да дұрыс, ана тіліміздің қорғаны бар екенін қоғам сезінуге тиіс. Бірақ ұлттық қауіпсіздіктің шегіне апармауы керек. Алайда, ұлтаралық тұрақсыздықты қалыптастыруға тілдік факторды пайдалану ниеттің барын да жоққа шығармау мемлекеттік саясаттың еншісінде.


Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бір пікірінде ана тілін дамытуда өзге тілді, орыс тілін шектеуге апармау керек екенін баса айтқан болатын. Осы ретте, Президент бастамасымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымында келер жылды Орыс тілі жылы етіп қабылдауды, арнайы халықаралық ұйым құру қажеттігін де айтқаны есімізде. Мәселе, орыс тілінің басымдығы емес, оның БҰҰ-ң басты он халықаралық қатынас тілінің бірі ретінде, аймақтық кеңістікте ортақ мәдени даму байланыстарында дұрыс қолданысы маңызды болмақ.


Кез-келген ұлттық мемлекет мемлекеттік тіліне ерекше мән береді. Өйткені тілдің дамуы - тұтас әлеуметтік қоғамның бірден-бір аспектісі. Егер тілдің ғылым не білім, ақпараттың басты құралы болмаса, ұлттық қауіпсіздіктің бұзылуына әкелуі ықтимал. Сол себепті, мәдени толеранттылықтың тілдік қатынасқа, мәдени ынтмақтастықтың дамуына ықпалы зор.


Елімізде 3 454 орыс және аралас мектеп еркін тілдік рухани организмде дамып жатыр. Осы ретте, қоғамның көп этносты мәдени дамуының жан-жақты көркеюіне тұрақтылық пен келісімнің әсерін көруге болады. Сондықтан, ел Конституциясында азаматтарымыздың қай тілде білім алып, қоғамдық қатынас орнатуына кең мүмкіндік берілген. Бұл жағынан, Қазақ елі БҰҰ-ның Адам құқығы Деклорациясында белгіленген басты қағидаларына берік әрі үлгілі өркениетті даму тәжірибесімен айқындалатыны анық.


Қазақ тілінің тұрақты дамуына елдегі «Қазақ тілі қоғамының» бастамалары, барлық салада мемлекеттік тіл қолданысының маңыздылығын көрсетуде. Осыдан Президенттің тіл мәселесіне терең бойлайтынын, қазақ тілінің өркен жайып, кең қолданысына ықыласты тіл жанашырын байқаймыз.


Елдегі ішкі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына мемлекеттік тілдің орны, одан бөлек барлық жергілікті халықтардың өз тілдерінің өркендеуіне легетимді дамуына кепілдік болатынын бүгінгі мәдениетті қазақстандық қоғамы дәлелдеп шықты. Бұған ел Президенті де гарант екенін ұмытпау керек. Оған Ата-заңымыздың тетігі қазақ тілімен өзге тілдерге мүмкіндік беріп, ұлттық қауіпсіздіктің шайқалмауының тұғырлы қазығы бола алады.

 

Мақсат Жақауов,
Абай атындағы ҚазҰПУ,
Әлеуметтік даму жөніндегі проректор, саясаттанушы

 

30.04.2024

Ақпарат көзі: turkystan.kz