Абай университетінің студенттері дуальді білім беру бағдарламасы аясында бір жылдық оқуын сәтті аяқтады
2024 жылдың 2 мамырында дуальді серіктес - NGS жаңа ұрпақ мектебі интерн-студенттерінің өндірістік оқыту нәтижелері бойынша конференция өтті. Дуалді білім беру бағдарламасы инновациялық бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ «6В01303-Бастауыш білім беру Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының 2-курс студенттері өздерінің кәсіби даярлығының жоғары нәтижелерін көрсетті.
Конференцияда мектептің тәлімгері-мұғалім Руфина Хисамутдинова, Бастауыш мектептің академиялық үлгерім бойынша департаментінің директоры Раушан Бекмуратова, топтың эдвайзері Әсел Ақпаева сөз сөйледі.
Бағдарлама пилоттық режимде ERASMUS+ бағдарламасы бойынша KAZDUAL жобасының қолдауымен 2022 жылы іске қосылды, ол бастауыш сыныптардағы оқу үдерісін практикалық өзара әрекеттесумен жоғары деңгейде ұштастырылған. Студенттер оқушылардың есін, зейінін, тілін және математикалық ойлауын дамытумен байланысты бірқатар диагностикалар жүргізді. Бұл шаралар студенттердің шынайы өмірдегі оқу ортасында кәсіби біліктерін дамытуға және қолдануға мүмкіндік береді.
Ғылымға, технологияға, инженерияға және математикаға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған интерактивті іс-шаралар мен семинарларды қамтитын кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған STEM фестивалін ұйымдастыру мен өткізуді ерекше атап өткен жөн. Тіпті екінші курстан бастап-ақ студенттер теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, сабақ жоспарларын әзірлеп, сабақ беріп көрді.
Екінші курстың студенттерін өндірістік оқыту бағдарламасының университет оқытушыларының өз пәндерін студенттердің байқауларға қатысуын, теориялық дайындықты практикалық әрекетпен байланысты қамтамасыз ете отырып, оқушылармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыруды табысты кіріктіруге мүмкіндік берілгеніне аса назар аудару қажет. Осы оқу жылында Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Лариса Лебедева «Жаңартылған мазмұндағы тілдік білім беру негіздері», аға оқытушы Екатерина Рябова «Жаратылыстану-ғылыми білім беру негіздері», педагогика ғылымдарының кандидаты Асель Акпаева «Жаңартылған мазмұндағы математикалық білім беру негіздері», «Мектеп пәндерін оқытудағы АКТ» пәндерінен мектеп базасында семинар сабақтарын өткізіп, практикалық жұмыстар ұйымдастырды.
Педагогика ғылымдарының докторы Азия Жумабаева: «Біз ҚазҰПУ-де теориялық білім мен практикалық тәжірибені кіріктіруге ерекше мән береміз және де біздің дуальді білім беру бағдарламамыз осы тұрғыдан алғанда үздік болып табылады. Өндірістік оқытудағы біздің студенттеріміздің табыстары кәсіби ортаға ертерек тартудың алынған білімді терең түсінуге және қолдануға мүмкіндік беретінін дәлелдей түсті. Олардың әзірлеген сабақтары мен диагностикалық әдістемелері инновацияға деген қабілеттерін арттыруға және заманауи білім беру үдерісінің талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Мұның бәрі практикалық жұмысты ұйымдастыру алаңдарымен тығыз жұмыс жасаудың және біздің оқытушылар құрамының дуальді оқыту мақсаттарына деген адалдығы арқасында мүмкін болды».
«Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және осы бағдарлама арқылы жинақталған тәжірибе олардың болашақ кәсіби қызметінің берік негізі болатынына сенімдіміз», - дейді ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің директоры Ғалия Абаева.
7