қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.05.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ-да халықаралық Азия форумы өтіп жатыр


                

 

2024 жылдың 15 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық «Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» тақырыбында Азия форумы басталды. Форум үш күнге созылады, деп хабарлайды Todayinfo.

 

Форумның ашылуына Абай университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілеп, Окаяма университеті Тұрақты даму максатында білім беру орталығының директоры Хироки Фуджи, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Алматы қаласын дамыту орталығының, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің өкілдері, Корея, Филиппин, Жапония, Индонезия, Үндістан, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар қатысты.

 

Іс-шараны Абай университеті Окаяма университетімен, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесімен бірлесіп, Жапонияның ғылымды дамыту қоғамының (JSPS) қолдауымен ұйымдастырды. Мақсаты - климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін білім беру мекемелері мен стейкхолдерлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту. Форум білім берудегі тұрақты даму мен инновацияға ықпал ететін бірлескен стратегияларды әзірлей отырып, білім және озық тәжірибе алмасу алаңын құруға бағытталған.

 

Болат Тілеп іс-шараның маңызына тоқталып, педагогикалық білім берудің флагманы болып табылатын Абай университеті жасыл университет, цифрлық университет және педагогикалық зерттеу университетін құру жолында жаңа инновацияларды енгізе отырып, жаңа формациядағы педагог кадрларды даярлауда және ғылым саласын дамытуда әлемдік тәжірибені қолданылатынын атап өтті.

 

Іс-шараның салтанатты ашылуында Хироки Фуджи мен Рае Квон Чунгқа «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрметті профессоры» атағы берілді.


Іс-шараға қатысушылар білім беру бағдарламаларын климаттың өзгеруінің сын-қатерлеріне бейімдеудің, осы процеске стейкхолдерлерді тартудың және климаттың өзгеруіне тиімді әрекет етуге қабілетті білім берудің тұрақты экожүйесін қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Форум озық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулермен алмасуға ықпал етіп, Азиядағы экологиялық білім беру саласындағы болашақ ынтымақтастықтар мен жобалардың әлеуетін арттырады.

 

16.05.2024

Ақпарат көзі: todayinfo.kz