Main
News
16.05.2024 Химия бойынша III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2024 жылдың 15-16 мамыр күндері Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасының ұйымдастыруымен х.ғ.д., профессор, МАИН және ҚЖМҰҒА академигі Н.А.Бектеновтың және х.ғ.д., профессор, РЖА корреспондент мүшесі Г.И.Мейірованың 70 жылдық мерейтойларына арналған «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы ІІI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Жапония, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен келген шетелдік ғалым-профессорлар қатысты.
Конференцияда профессор ғалымдардың еңбектеріне арналған көрме де ұйымдастырылды. Пленарлық отырыста спикерлер химия ғылымы мен химиялық білім берудегі қазіргі проблемалық мәселелерді көтеріп, осы салада қолданылатын әдістер мен тәсілдер туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, «ХХІ ғасырдағы химия ғылымының даму ерекшелігі», «Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері», «Орта мектепте іргелі пәндерді оқытудың жағдайы», «Колледж және жоғары оқу орындарында химиялық білім берудің қазіргі жағдайы мен болашағы» бағыттары бойынша дәстүрлі және онлайн форматта секциялық отырыстар жұмысымен жалғасты.
|