Main
News
20.05.2024 ІІI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі мен секция отырыстары
2024 жылдың 16 мамырында Абай университетінің жаратылыстану және география факультеті «Химия» кафедрасының ұйымдастыруымен х.ғ.д., профессор, МАИН және ҚЖМҰҒА академигі Н.А.Бектеновтың және х.ғ.д., профессор, РЖА корреспондент мүшесі Г.И.Мейірованың 70 жылдық мерейтойларына арналған «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы ІІI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық мәжілісі мен секция отырыстары өтті. Іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар мен жас ғалымдар, магистранттар және докторанттар қатысты. Пленарлық мәжіліс және секциялық отырыстар аралас форматта (офлайн және онлайн) өтті.
Конференция келесі төрт секцияны қамтыды:
1. ХХІ ғасырдағы химия ғылымының даму ерекшелігі; 2. Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері; 3. Орта мектепте іргелі пәндерді оқытудың жағдайы; 4. Колледж және жоғары оқу орындарында химиялық білім берудің қазіргі жағдайы мен болашағы.
Секциялық отырыстарда шетелдік және отандық спикерлер баяндама жасап, өзара тәжірибе алмасты. Жалпы 100-ден астам баяндамалар тыңдалды. Конференцияның пленарлық мәжілісі және секциялық отырыстары жоғары дәрежеде өтті.
|