қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.05.2024

Сынамалы білім беру бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық  


2024 жылдың  21 мамырында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған Гренобль университетінің (Франция) өкілдерімен кездесу өтті. Талқылаудың басты тақырыбы сынамалы білім беру бағдарламасы, сондай-ақ қос дипломның әлеуетті бағдарламасы болды.

 
Екі университеттің өкілдері білім беру саласында жемісті ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді. Қос диплом бағдарламасын талқылау барасында үлкен қызығушылық туындады. Осы бастама студенттерге сапалы білім мен білім алуға мүмкіндік бере алатыны жайлы оң көзқарастар айтылды.

 

Гренобль университеті - Францияның жетекші білім беру мекемелерінің бірі, әр түрлі салаларда кең білім беру бағдарламаларын ұсынады. Гренобль университеті өзінің инновациялық оқыту әдістерімен, ғылыми зерттеулерімен және әлемдегі басқа университеттермен серіктестігімен танымал.

 

Кездесу соңында тараптар бірлескен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға келісті.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=