қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.05.2024

«БалаFest-2024» фестивалі аясында «Цифрлы оқушы» ғылыми республикалық конкурсы

 

2024 жылдың 25 мамыр күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да «БАЛАFEST 2024» JAS GALYM фестивалі аясында «Цифрлы оқушы» ғылыми республикалық конкурсы гибридті форматта ұйымдастырылды.

 

Конкурстың мақсаты: бастауыш сынып білім алушыларының цифрлық дағдыларын дамыту.

 

Конкурстың бағыттары:

1) Жасанды интеллект (ЖИ)

2) Медиа

3) Web-контент

4) 3D

 

Конкурс 2 кезеңнен тұрды. Конкурстың 1-кезеңі мамырдың 6-17 аралығында онлайн форматта өтті. Конкурсқа жалпы 54 жұмыс түсіп, оның 16-сы екінші кезеңге жіберілді. Олар:

 

А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінен:

- Қажыгерей Әлішер, Әуен Сұлтан, (жетекшісі: Сыдық А.Р.);

- Абай Алия (жетекшісі: Кожаханова Л.Е.).

№209-гимназия

- Отар Абылай (жетекшісі: Абирова Ж.А.).

Шоқан ұлттық мектебінен:

- Сайлаубек Е.Е. (жетекшісі: Болатова Г.Н.).

Бөлек батыр атындағы орта мектеп:

- Ораз Еркебулан, Байбатыр Улас, Муқаш Алима, Бөкіл Еламан, Бақытқызы Айша, Данабай Нуриман, Нұраш Бекнұр, К.А.Беркалиева (жетекшісі: Бақыт А.Б.).

- Сұлтанбек Саяжан, Сұлтанбек Аяжан

- Бақдәулет Диас (жетекшісі: Манабаева М.Н.).

Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия:

- Қазез Еркежан, Базаралы Айзере (жетекшілері: Шакенова А.Қ. мен Махамбетова Г.Е.).

 

Екінші кезеңге өткен 16 жұмысты комиссия мүшелері алдын-ала берілген критерий бойынша бағалады. Комиссия төрағасы Педагогика және психология факультетінің деканы Абаева Ғ.А. Мүшелері: Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Жұмабаева А.Е., қауымдастырылған профессор Кариев А.Д., 1 курс докторанттары Есентаева Б.У., Жекеева А.Е. және Өзбекстан мемлекеті Ферғана мемлекеттік университетінен келген бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Курбанова Б.К., Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Салиев И.С., профессор Холдарова И.Г., Исмайлов Ш.Д. және Сайдова Н.О. оқушылардың жұмыстарына бағаларын беріп, жақсы тілектерін арнады.

 

Конкурстың қорытындысы бойынша екінші кезеңге қатысқан оқушыларға сертификаттар, жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Жүлделі 1,2,3 орын иеленген 6 оқушы 1-маусым күні «Оқушылар сарайына» шақырылып, дәрежелі диплом және сыйлықтармен марапатталатындығы туралы хабарланды.

 

Конкурсты ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасы.

 

  alt=  

  alt=