қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.05.2024

Профессор Марат Құлбекұлының 75 жылдығына арналған ғылыми-семинар


2024 жылдың 28 мамырында Математика, физика  және информатика факультеті физика кафедрасының атақты ғалым, көрнекті ұстаз техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Құлбек Марат Құлбекұлының 75 жылдық мерейлі жасына арналған кеңейтілген мәжіліс, соңынан ғылыми семинар өтті. Семинарда профессор Марат Құлбек «Бірінші және екінші текті фазалық түрленулер теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» тақырыбына ғылыми баяндама жасады. Іс-шара барысында әріптестер арасында қызу пікірталас өтті. 

 

Профессор Марат Құлбекұлының еліміздің жоғары білімі мен ғылымындағы зор еңбегін ескере отырып, университет басшылығы оны Алғыс хатпен атап өтіп, жылы лебіздерін жолдады.

 

  alt=  

  alt=