Main
News
29.05.2024 «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, проблемалар мен перспективалар» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2024 жылдың 24 мамырында Педагогика және психология факультеті «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, проблемалар мен перспективалар» тақырыбында ғалымдар мен мұғалімдердің III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізді.
Конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Өте Дархан құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Беларусь, Ресей, Өзбекстан ғалымдары қатысты. Конференция онлайн және офлайн форматта өтті. Пленарлық отырыстың модераторы - зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Сұлтан Ертай болды.
Ғылыми пікірталастар секциялық отырыстардың жұмысында жалғасын тапты. Пленарлық отырыстан кейін форсайт-сессия мен арнайы тақырыптар бойынша секциялар өз жұмысын бастады.
Ғалымдар мұғалімдермен бірлесіп жоғары оқу орындары мен мектептердің оқу процесінде инновацияларды, инновациялық тәсілдерді, әдістерді, нысандарды іске асырудың стратегиялық мәселелерін талқылады.
|