қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.06.2024

Абай университеті Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтты

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Гонконг Қытай университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу аясында түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.


Кездесу барысында Абай университетінің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Искакова ынтымақтастық аясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, тәжірибе алмасу және «Шақырылған шетелдік ғалымдар» жобасына қатысу мүмкіндіктерін дамыту туралы бастама көтерді. Сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және білім алмасу мақсатында оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Гонконг Қытай университетінің өкілдері жас таланттарды тартуға және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында университет студенттерімен және оқытушыларымен сұхбат жүргізіп, кездесу өткізді.


Гонконг Қытай университеті әлемдік стандартқа сай оқу орны болып табылады. Университет әлемде 47-ші, Азия бойынша 10-шы (QS World University Rankings - 2024 рейтингіне сәйкес), Гонконгта 1-ші орында.

 

Бұл кездесу университеттер арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болды және болашақта ынтымақтастықтың жаңа перспективаларына жол ашады.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=