қазақша · русский · english
   
  Main  News
30.05.2024

Электронды құжаттар айналымын жүргізу семинары

 

Университеттің қызметкерлері үшін «Salem» жүйесі және «Outlook» корпоративтік почтасында жұмыс жасау тәртібі бойынша оқу семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында Аппарат басшысының орынбасары Қазына Бекбенбетова қатысушыларды университеттің жаңа ұйымдастыру жүйесімен таныстырып, соған сәйкес электронды құжаттар айналымына енгізілген жаңа тәртіптер мен ережерлер туралы айтып өтті. Қазына Бекбенбетова электронды жүйедегі қолданыстағы қызметтік хаттар мен келісім-шарттарды жүргізу тәртібі туралы сөз қозғап, ішкі және сыртқы іс-сапарларға шығу барысында құжаттарды дұрыс рәсімдеу қажеттігін түсіндірді.


Жаңа талаптарға сәйкес, енді шетелдік іс-сапарларға шығу барысында рәсімделетін қызметтік хаттар мен өтініштер алдын ала іс-сапарлар жөніндегі комиссияға ұсынылып, комиссия шешімі негізінде бұйрық рәсімделеді.


Одан әрі семинар жұмысы «Outlook» корпоративтік поштасында жұмыс жасау бойынша өрбіді. Техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Айдын Кенжебеков корпоративтік поштада хат алмасу, хабарлама хаттармен жұмыс жасау тәртібі туралы түсіндірді.


Оқу семинары іскерлік хаттармен алмасу, электронды құжаттар айналымын сапалы жүргізуге септігін тигізеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Ректор аппараты