қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.06.2024

Педагогтарды даярлауда құзыреттілік тәсіл мен цифрлық технологияларды интеграциялау

 

2024 жылдың 5 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық ғылымдар» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Педагогтарды даярлауда құзыреттілік тәсіл мен цифрлық технологияларды интеграциялау» Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті.


Отырысқа ҚазҰҚПИ доценті Ақмарал Кожабекова; Сүлейман Демирел Университетінің профессор ассистенті Гүлжайна Нұрманова, доцент Ляззат Жазылбек және Абай атындағы ҚазҰПУ құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Асель Казиева, Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Гульфира Отепова, сондай-ақ кадрларды даярлаудың үш бағыты бойынша ОӘБ жетекшілік ететін жобалық командалардың жетекшілері мен мүшелері және ЖОО өкілдері қатысты. Отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары Перизат Сейсенбекова және Айкенже Жамкеева баяндама жасады.


Отырыс барысында педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі постулаттары, елдің басым міндеттері тұрғысынан білім беру сапасын арттыру мәселелері, сондай-ақ олардың дидактикалық әсері мен түлектерді даярлау сапасын күшейтуге көмектесетін цифрлық технологияларды тиімді дәстүрлі технологиялармен интеграциялау мәселелері қаралды. Көрсетілген технологиялар білім алушыларды квази-кәсіптік және оқу-кәсіптік қызметке тартуға және олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=