қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.06.2024

ҚХР үкіметаралық грант иегері Чжан Цзяцидің магистрлік диссертациясының қорғауы

 

2024 жылдың 17 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында Қытай Халық Республикасының үкіметаралық грант иегері Чжан Цзяци (ғылыми жетекшісі - қауымдастырылған профессор Гүлбану Абитова) «7М01201 - мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алуға ұсынылған «TPACK моделі негізінде мектепке дейінгі ұйымның болашақ педагогтерін оқыту бойынша салыстырмалы талдау» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады (Қазақстан және Қытай негізінде).


Чжан Цзяцидің диссертациялық зерттеуі кәсіби және өзін-өзі табысты жүзеге асыруға дайын құзыретті педагогтерді даярлаудың маңызды педагогикалық мәселесіне арналған.

 

Комиссия мүшелері TPACK моделі негізінде мектепке дейінгі ұйымның болашақ педагогтерін оқытуда зерттеу тақырыбының өзектілігін атап шықты. Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева ғылыми нәтижелердің жаңалығы ретінде, Қазақстан мен Қытайдағы мектепке дейінгі ұйымдардың даму заңдылықтарының зерделенуі, TPACK моделі негізінде Қазақстанның (Абай атындағы ҚазҰПУ) және Қытайдың (Тяньшуй педагогикалық университеті) педагогикалық жоғары оқу орындарында мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтерін кәсіби даярлаудың мәні, құрылымы мен тетіктерінің жан-жақты ашылғандығын көрсетіп өтті.

 

Магистрлік зерттеулердің ғылыми нәтижелері шетелдік рецензияланған журналдарда көрсетілген:

 

1. Conflict issues and coping strategies among rural preschool teachers in special positions a qualitative analysis of a rural preschool special post teachers . Sciences of Europe (Praha, Czech Republic) No 131 (2023)

2. Research on the application of TPACK technology in college teaching German International Journal of Modern Science №57 2023

 

Бұл мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының тарихында - шетелдік магистрантты ағылшын тілінде магистрлік диссертацияны қорғауға дайындаудың алғашқы табысты тәжірибесі.

 

  alt=  

 

  alt=