Main
News
24.06.2024 Абай университетінің докторанттары балаларды ерте дамыту саласында семинар-тренингтен өтті 2024 жылдың 18-21 маусымы аралығында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ 1-3 курс докторанттары балаларды ерте дамыту саласындағы мамандарға арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау, ерте жас көмек және қолдауда отбасына бағытталған тәсіл» тақырыбындағы семинар - тренингтен өтті. Дәрісті ЮНИСЕФ-тің ұлттық серіктесі болып табылатын «Отбасы академиясы» отбасын кешенді қолдау орталығы ұйымдастырды.
- кәсіби дағдылар - таңдалған тақырыптық салалар бойынша білімді енгізу және жаңарту; - 0-7 жас аралығындағы балалардың ата-аналары мен қамқоршыларының ерте жастағы балалардың дамуын заманауи мониторингілеудегі маңызы.
Семинар-тренингте докторанттар ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға мониторинг жүргізудің озық тәжірибелерімен таныстырып, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы мәселелерін қарастырды, 0-7 жас аралығындағы балалардың ата-аналарымен және қамқоршыларымен практикалық іс-әрекет (кейс-жағдайлар мен жаттығуларды шешу) процесінде мамандардың жұмыс ерекшеліктерін зерттеді.
|