қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.06.2024

Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары Абай университетінде бас қосты


2024 жылдың 26 маусымында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында Білім және қоғамды дамыту ғылымдары орталығы жанынан құрылған жұмыс тобының отырысын өткізді.

 

Отырысқа отандық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың басшылары және елдегі жетекші ғалымдар қатысты.

 

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық ғылымды дамыту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ғылым жөніндегі Ұлттық баяндамаға ғалымдардың ұсыныстарын дайындау; «Білім және қоғамды дамыту» туралы ғылымдар бөлімшесінің басым бағыттарын анықтау және аталған бағыт бойынша мегажобаның тақырыбын ұсыну; өз жобалары бойынша конструтивті бағыттарды қолға алу сынды мәселелерді қарап, талқылау жүргізілді.

 

Жиынға онлайн түрде еліміздің жетекші 40-қа жуық ғалымдары қатысып, өз ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

 

Отырыс соңында жұмыс тобының жұмысын жандандыру мақсатында құрамы жаңартылып, жүйелі жұмыс жоспары әзірленетіні келісілді.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=