Main /
Mass media about us
02.07.2024 «Бір белдеу – бір жол» мегажобасы ел экономикасының алға басуының тірегі
Елімізге Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының кездесуіне келе жатқан Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің іс-сапарына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазбаша сұхбатын жариялады. Онда негізінен екі ел арасындағы соңғы кездерде қалыптасқан саяси және экономикалық қарым-қатынастарға тоқтала отырып: «Қазақстан Қытай Халық Республикасымен тығыз әріптестікті жоғары бағалайды. Біздің қарым-қатынасымыз достықтың, ортақ тарихтың және тату көршіліктің берік байланыстарына негізделген», - деген ойын айтты.
Бұл сұхбатта Президентіміз: «2022 жылдың қыркүйегінде біз ҚХР Төрағасы, досым Си Цзиньпинмен бірге оның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде екіжақты ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығын» бастадық», - деген ойды ерекше лебізін еске түсірді.
Әрине, Қытай көшбасшысының пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапары Астанаға болғаны қуантады. Бұл Бейжіңнің сыртқы саясатындағы Қазақстанмен қарым-қатынастың басымдығын тағы да растайды. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы қарым-қатынастарды сараптай отырып, ҚХР Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық серіктесінің ұстанымын үнемі сақтап келетінін байқаймыз. 30 жылдан астам екіжақты қатынастарда елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 100 есеге өсіп, 2023 жылы 41 млрд долларға жеткенін айтсақ, бұл, әрине, тарихи рекорд екендігі сөзсіз.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторларының алғашқы төрттігіне кіріп, 2023 жылы шамамен 2 млрд доллар тікелей инвестиция салды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 16,4%-ға жоғары. Жалпы, Қазақстан экономикасына Қытай инвестицияларының жиынтық көлемі 25 млрд доллардан асты, әрине, бұл межені одан ары қарай да өсіруге біздің мүдделі екендігімізді айтты. Осы межелерді жүзеге асыру барысында бүгінгі күнде де біздің елімізде 4 700-ге жуық қазақ-қытай кәсіпорындары жұмыс істейтініне тоқталды. Сонымен қатар, біз «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұсынатын мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қаржы секторындағы бірлескен қызметтерді кеңейтуге байланысты іс-шараларды да айтты. Бүгінде оның алаңында 78 елден 2 800-ге жуық компаниялар тіркелгендігін, олардың оннан бір бөлігі Қытайдан екендігін тілге тиек етті. Президент халықаралық қатынастар бағытындағы іс шаралармен байланыстарға тоқтала отырып, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия - Қытай» форматында және т.с.с. Қазақстан қытайлық «Бір белдеу - бір жол» мегажобасын толығымен қолдайтынын және біздің ұлттық стратегияларымызды одан әрі ұштастыруға белсенді қатысуды жалғастыруға дайын екендігін айқындады.
Президент атап өткендей, біз Қытаймен жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдету үшін өршіл жоспарлар жасаймыз. Ол үшін барлық қажетті алғышарттар мен жағдайлар жасалады. Біздің өзара іс-қимылымыздың қазіргі жоғары өсу серпінін ескере отырып, өзара тауар айналымына 100 млрд долларға дейін қол жеткізу міндеті әбден сенімді екендігін білдірді.
Осылайша, пандемиядан кейінгі қысқа мерзімде біз қарым-қатынасымызды қалпына келтіріп қана қоймай, барлық бағыттар бойынша тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне сәтті шығара алдық. Біз мұнымен тоқтауға ниет білдірмейміз. Қытай даналығы айтқандай, «келесі ғасырдың бақыты осы ғасырда қалыптасады», - деген дана ойларға сүйене отырып болашақ үшін қазір нәтижелі іс-қимылдар ауадай қажет екендігіне көз жеткізді. Алдағы келіссөздер біздің халықтарымыздың игілігіне жұмсалатынына сенімдімін, ал қол жеткізілген уағдаластықтар мемлекетаралық қатынастарға қуатты серпін береді, өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларын айқындайды және қазақ-қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігінің кезекті табысты бетін ашады.
Үдемелі қозғалыстағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің Қытай-Қазақстан қатынастары қазіргі уақытта тарихтағы ең жоғары деңгейде. Практикалық ынтымақтастық экономика мен сауданы қоса алғанда, әртүрлі салаларда жүргізілуде, «Бір белдеу - бір жол» бірлескен құрылысы қарқынды дамып келеді, бұл үнемі жаңа нәтижелер әкеледі.
Әлемдік саяси мәні жоғары бұл кездесу еліміздің тұрақты алға дамуының және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кепілі болмақ деген ой айтқымыз келеді.
Дәуренбек Құсайынов,
02.07.2024 Ақпарат көзі: qazaq1913.com |