қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.07.2024

Абай университетінің оқытушысы Гази университетіне (Түркия) іссапармен барды

 

 

2024 жылдың 22-29 маусымы аралығында Абай университетінің Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Айым Тынысханова мемлекеттік гранттық қаржыландыру жобасы аясында АР19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзіреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша жоба мүшелерімен бірге тәжірибе алмасу мақсатында Анкара қаласындағы Гази уинверситетіне (Түркия) іссапармен барып қайтты.


Іссапар барысында зерттеушілер Гази университеті Педагогикалық білімдер факультетінің профессоры Южел Геличлидің жетекшілігімен бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бөлімдерінің екі күндік жазғы мектебіне қатысты. Сондай-ақ, кафедраның оқытушыларынан сұрақ-жауап ала отырып, зерттеу тақырыбына қажетті ақпараттар берілді. Оқытушылар сонымен қатар бастауыш білім кафедрасының профессоры Мустафа Юлдуздан жеке кеңес ала отырып, мақалалар, тақырыпқа сай жазылған диссертациялар мен оқу құралдарымен танысты. Пікір алмасу барысында қазақстандық білім беру жүйесіндегі мәселелер мен болашақ мұғалімдерді даярлау ерекшеліктері жайлы тәжірибе алмасты.


Іссапар соңында факультет деканы Махмут Селви жоба жетекшісі мен мүшелеріне алғыс білдіріп, тақырып аясындағы зерттеу жұмыстарына белсенді қатысқандары үшін арнайы сертификат табыстады.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=