қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.07.2024

Болгариялық профессорлар Абай университетінде дәріс оқыды

 

2024 жылдың 4 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінде «Св. Климент Охридский» атындағы София университетінің профессорларымен кездесу өтті. Факультеттің профессор-оқытушылары, докторанттар, магистрлар және Алматы қаласы мектеп мұғалімдері қатысқан кездесуде болгариялық ғалымдар Джени Маджаров және Георги Николов тарих және мәдениеттану саласы бойынша дәріс оқыды.

 

Іс-шара барысында саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков және әлем тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары Ханзада Сутеева, Руслан Сейтқазиев құттықтау сөз сөйлеп, қонақтарды келген қадамдарымен құттықтады. Болгариялық ғалымдар Джени Маджаров пен Георги Николовтың дәрістері өте мазмұнды болды, олар қатысушыларға тарихтағы мәдени құндылықтарды салыстырмалы түрде талдай отырып жеткізді. Университет оқытушылары тарапынан лекторларға сұрақтар қойылып, қатысушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Ғалымдармен кездесу жоғары дәрежеде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=