қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
24.07.2024

Талапкерлер Абай университетін таңдауда: ұрпақтар сабақтастығы және инновациялық тәсілдер

 

                

 

Абай университеті талапкерлерден құжат қабылдауды жалғастыруда.


Абай университеті білім беру гранты конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Құжаттар оффлайн режимінде университеттің қабылдау комиссиясы арқылы және онлайн egov.kz арқылы қабылданады. Сонымен қатар, виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істеуде. Талапкерлерден құжаттарды қабылдау барысын оңтайландыру үшін Абай университетінің қабылдау комиссиясы инновациялық әдістерді, оның ішінде QR электронды кезек жүйесін және «БЭК-кеңсе» қызметін енгізді. БЭК-кеңсесінде өтініш берушілер egov.kz қызметтері мен өтінімге қажетті құжаттарды тегін басып шығара алады.

 

Бүгінгі таңда 4000-нан астам адам құжат тапсырды, бұл Абай университетінің білім гранттарына қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Олардың ішінде 800-ден астам үздік аттестат пен «Алтын белгі» иегерлері бар. Университеттің ерекше сұранысқа ие мамандықтарының қатарына филология, физика-математика, педагогика, психология, информатика, география және биология мамандықтары жатады. Бұл көрсеткіштер білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен маңыздылығын айқындайды.


Абай университетіне құжаттарын тапсырып, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» және «Тарих» білім беру бағдарламаларын таңдаған егіз апалы-сіңлілі Мөлдір Жеңісқызы мен Махаббат Жеңісқызын ерекше атап өткен жөн. Олардың ата-аналары да осы оқу орнының түлектері, бұл дәстүр сабақтастығы мен ұрпақтар арасындағы байланыстың көрсеткіші екені анық.

 

«Мұғалім болып, балаларды оқыту және тәрбиеге атсалысу, сабақ беру - біздің бала күнгі арманымыз. Кішкентайымыздан осы салада жұмыс істеуді мақсат тұттық. Ал, ол үшін жоғары білім алуымыз керек. Сондықтан, отбасымызбен кеңесіп, еліміздің үздік педагогикалық жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазҰПУ-ға құжаттарымызды тапсырдық. Ата-анамыз да осы жоғары оқу орнында оқыған, сондықтан таңдауымызды қуана қолдады», - деп бөлісті Мөлдір мен Махаббат.


«Апалы-сіңлілі Жеңісқыздарының тапсырған құжаттары біздің университетке деген отбасылық сабақтастықтың үлгісі ғана емес, сонымен қатар біз ұсынатын білім сапасына деген жоғары сенімнің дәлелі», - деп атап өтті Абай университеті қабылдау комиссиясының өкілі.

 

 

24.07.2024

Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz